Pedersen & Parteners компаниясы Беларусь Республикасы жəне Қазақстан Республикасында өз офистерін ашты

Share: 

Pedersen & Partners – Орталық жəне Шығыс Еуропада жоғары топ менеджерлерін іріктеуімен айналысатын (Executive Search) алдыңғы қатарлы фирма, бүгін Беларусь Республикасы жəне Қазақстан Республикасында өз офистерін ашуы туралы хабарлайды.

«ТМД аймағында көп жылдық жұмыс тəжірибесіне ие болғандықтан, екі елдің нарықтары ең мықты менеджерлерге күресуге дайын фирмаларға қатысты да, сапалы білімі мен бай жұмыс тəжірибесі бар кəсіби басшыларға да қатысты басқарушы кадрларды іріктеу саласында сапалы қызмет көрсетуді талап етіп отырғаны бізге айқын көрініп тұр» - деді фирманың Басқарушы партнері Пол Педерсен.

Беларусь Республикасы нарығында Pedersen & Partners компаниясын осы ел бойынша Директоры Артур Ф.Олейник көрсетеді. Оның белоруссиялық жəне ресейлік нарықтарында маркетинг жəне сату саласы жұмысында бай тəжірибесі бар, Беларусь Республикасында Мобильді ТелеЖүйелер жəне Филип Моррис компаниясы Өкілдігінде басшы қызметтерде болған.

Қазақстан Республикасында Pedersen & Partners-тің Қазақстан бойынша Директоры Елена Хан болып табылады. Орталық Азияда Кадрларды басқару, Маркетинг жəне Сату, сонымен қатар жеке кеңес беру саласында кең тəжірибеге ие. Елена Хан Sanofi-Aventis компаниясының Маркетинг жəне Сату бөлімінің басшы қызметін атқарған.

Минск офис

Алматы офис


Pedersen & Partners – Орталық жəне Шығыс Еуропа елдерінде жоғары топ менеджерлерін ірктеуге маманданған компания болып табылады. Компанияның жиырма алты офистері Алматы, Афины, Баку, Белград, Братислав, Бухарест, Будапешт, Киев, Кишинев, Любляна, Минск, Мəскеу, Прага, Рига, Санкт-Петербург, Сараево, Скопье, София, Стамбул, Таллинн, Тель-Авив, Тиран, Вена, Вильнюс, Варшава жəне Загреб қалаларында жұмыс жасайды.Компанияның құндылығы - ол компания-клиент жəне кəсіптенген менеджерлермен өзара қарым-қатынасты құру негізінде жатқан сенімділік, партнерлік, кəсіптілік болып табылады. Аймақтың 26 елінде компания іс-əрекеті жайында толық мəліметті алу үшін Pedersen & Partners Интернет парағына кіріп көріңіз.

Pedersen & Partners өкілдерімен интервью мəселесі бойынша немесе прессамен байланысты басқа сұрақтар бойынша Қоғамдық Байланыстар Директоры Анастасия Алпатиковамен

Press Releases